Кездесу

Қаңтар айының 6 күні Ақтөбе облысына іс -сапармен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары М.Тағымов пен М. Жұмағазиев алғашқы жұмыс күнін Қобда ауданы "Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығына келіп жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.

Жұмыс сапарының басты мақсаты - Сенат қабылдаған Заңдарды талқыға салып, халыққа тиімді жұмыс жасауын бақылау, кемшін тұстары мен халықтың тарапынан берілген ұсыныстары мен сын-пікірлеріне құлақ асу. Мемлекет басшысының Жолдауынан туындаған нақты тапсырмалар мен қол қойған заңдарын кеңінен талқылап өтті.

Соңғы кездері қоғамымызда кеңінен талқыланып жатқан педагог мәртебесі, ауыл шаруашылығы саласы, жол қозғалысы ержелерін күшейту және браконьерлерге байланысты заң тармақтары да назардан тыс қалмады.

Сенат депутаттары жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне ден қойып, өз ойларымен бөлісті. Кездесу соңында Әлия музейімен танысты.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ