Биыл жазушы, тіл жанашыры 112 жыл толуына орай облыстық "Әлия" патриоттық орталығының @patriotaliya1 ұйымдастыруымен @62zhbbom мектепте «Бауыржан жұлдызды болған күн-қазақтың жұлдызы жанған күн» атты облыстық әскери-патриоттық жарысы өтті.
Сайысқа Ақтөбе қаласының №19, №62, №67, №33, №77, №72, №29, №21, №38 орта мектептерінің командалары 6 кезең бойынша бақ сынасты.
Атап өту керек, 14-17 жастағы оқушылар арасындағы жарыс 2010 жылдан бері, 12 жыл бойы өткізіліп келеді. "Күш білекте емес, жүректе" демекші, сайыстың мақсаты жастардың патриоттық сезімін ояту, күш-жігерін шыңдау.
Сайыс қорытындысы бойынша:
I- орын - № 33 , № 21 жалпы білім беретін орта мектептері
II – орын - № 77, № 72 жалпы білім беретін орта мектептері
III –орын № 38, №67, №29 , №19, №62 жалпы білім беретін орта мектептері ие болды.
Жеңімпаздар Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының атынан дипломдар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.