«Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі...»

14 қаңтар күні Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына 79 жыл толуына  орай «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі...» атты облыстық еске алу шарасы өткізілді.

Шараға  Қобда  ауданы әкімшілігі,  батырдың туыстары Әліп, Тәжен Сарқұловалар, «Ер-Бақыт» әскери-патриоттық  клубының төрағасы Марат Қойлыбаев, «Қос-Аққу» Әлия-Мәншүк қоғамдық  қорының  төрағасы  Қуаныш Мырза, Қобда ауданына қарасты ардагерлері, белсенді жастар қатынасты. Шара батырдың туған жері Бұлақ ауылынан бастау алып ескерткішіне тағзым етіліп,  гүл шоқтары қойылды. Әлия ауылындағы «Рахман» мешітінде батыр рухына құран бағышталды. Батыр  ескерткіші жанында еске алу шарасы  өтті. Гүл шоқтары қойылды.

Әрі қарай шара мәдениет үйінде жалғасты. Мектеп оқушылары арасында өткізілген «Әлия оқулары» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Патриоттық әндер шырқалды. «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында орналасқан музейіне экскурсия жүргізіді. Осы орталықта волейболдан жастар арасында  батырды еске алу турнирі өткізілді. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ