«Рухани жаңғыру» бағдарламасының білім бөлімінің жоспары негізінде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күніне орай "Әлия " патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында Қобда ауданның мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Әлия ерлігі – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты байқау өткізілді.
Байқауда қазақ халқының даңқын шығарған батыр туралы әндер шырқалып, өлеңдер оқылды, сахналық қойылым қойды. Жас бүлдіршіндерді осындай батырларды білуі тиіс, олар жайлы естелік сақтап, мақтан тұтулары міндет. Байқауға 46 тәрбиеленуші қатысты. Жүлделі орындарға ие болған бүлдіршіндер білім бөлімінің дипломдарымен марапатталып, аудандық кәсіподақ ұйымының атынан сыйлықтар табысталды.