"Ауған оты шарпыған" атты кездесу кеші

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Ауған оты шарпыған» атты облыстық жауынгер интернационалист ардагерлермен кездесу өтті.

Шараның негізгі мақсаты: Өз отанына шексіз берілген, патриоттық рухты жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету және ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.Шараға ауған соғысының ардагерлері, Әлия Молдағұлова атындағы мектеп оқушылары , ұстаздарымен қатынасты. Шара кезінде кезегімен сөз алған Ауған соғысының ардагерлерінің, соғыстың ауыр зардабы туралы әрбір сөзін жас ұрпақ зейін қоя тыңдап сұрақтар қойды. Өкінішпен сол соғыста қаза болған достарын еске алып , үнсіздік жарияланды. Ардагерлерге сыйлықтар берілді. Шара патриоттық әндермен жалғасты.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ