Колесников Михаил Петрович
(1918-1979) 1918 жылы Орынбордың Соль-Илецк қаласында туған. Кейін әке-шешесі Ақтөбеге көшіп келді. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап майданда болды.
1944 жылы 21 қыркүйекте болған ұрыста М.Колесников танкісінің жаумен жалғыз соғысуына тура келді. Үш зеңбірек расчеті совет танкісінің тегурінді шабулына ұшырап, жермен жексен болды. Тапсырманы орындап қайтып келе жатқан М.Колесниковтің танкісі күтпеген жерден минаға тап болып, жараланғанын көргендер бар. Командование ержүрек экипажды қаза болды деп ойлайды. Бірақ Колесников тірі қалды. 1945 жылы 10 сәуірде танктің механик-жүргізушісі, гвардия старшинасы М.Колесниковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.