«Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік»

«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында ҚР Тәуелсіздігіне 28 жыл мерейлі мерекесіне орай «Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік» атты мерекелік шара өтті.
Мақсаты: Қазақстан туралы, оның тәуелсіздігі туралы, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіз Қазақстанның тарихын әңгімелеу, тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау.

Бұл шараға Әлия Молдағұлова атындағы орта мектептің 5-сынып оқушылары қатынасты. Тәуелсіздік жолына қалай жеткеніміз туралы шағын видео ролик көрсетіліп Желтоқсан оқиғасында жастарымыз бен қыршын кеткен боздақтарымызды бір минут үнсіздікпен еске алынды. «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Тупенова Бағдаш Әбдіжәмиқызы Тәуелсіздік ұғымына кеңінен тоқталып, ақ тілегін білдірді.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ