"Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы "Балауса" қыздар клубының үйірмесіне қатысушы оқушылар арасында қазақ халқының салт-дәстүрі,халық арасында кеңінен қолданылатын,ұмыт қалып бара жатқан дәстүрлер туралы түсінікті қалыптастыру мақсатында "Салт дәстүрім-асыл қазынам" атты тәрбиелік шара өтті. Ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтар қойылып,қазақ халқының ұлттық дәстүрлерімен таныстырылды.