«Әлия есімінің халқымыздың бертінгі тарихындағы алатын орны өзгеше үлкен. Қазақтың қаршадай мерген қызы ел басына күн туған шақта үлкен жүректің иесі екендігін танытып, даңқы өшпес ерлік жасады. Өмірде он гүлінен бір гүлі ашылып үлгермеген бойжеткен сындарлы сәтте өз Отанын қорғауға әзір болып қана қоймай, сол үшін жанын қиюға да дайын болып шықты. Бүгінде Қазақстанның егеменді ел атанып отыруында, сөз жоқ, Әлия апамыздың да өзіндік зор үлесі бар.»
Н.А Назарбаев
«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы 2005 жылы Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың 80 жылдық мерей тойы қарсаңында ашылды.
«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының мақсаты – жастардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың өмірін, ерлік жолдарын насихаттай отыра жастарға патриоттық тәрбие беру.
«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы Ақтөбе қаласынан 70 шақырым жердегі батыр қыздың туған жерінде орналасқан. Патриоттық орталықта мәдени-спорттық шаралар өткізуге және жастардың демалуына толық жағдай жасалынған. «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы соғыс және еңбек ардагерлерімен, батыр қыз тәрбиеленген, оқыған және ерлік жолдары өткен Мәскеу, Санкт-Петербург, Псков, Орал жеріндегі музейлерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.