Шурин Ғабдолла 1914 –жылы наурыздың 14 күні Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,Ақшатау ауылында дүниеге келген. Әкесі Шора белгілі молда болған. Анасы Нәбира үй шаруашылығы мен балаларының тәрбиесімен айналысқан. Шурин Ғабдолла 1941-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысады.Жеңіспен оралғаннан кейін көптеген жерлерде еңбек еткен . Олардын ішінде бірінші колхозда жұмыс жасаған. Одан кейін пошта тасушысы болып жұмыс жасаған. 5-6 жыл партком болып жұмыс жасаған.Шурин Ғабдолла 1986-жылы ұлымен бірге Ақтөбе облысы, Қобда ауданы , Әлия ауылына қоныс аударған. Сол кезеңнен бері Әлия ауылында тұрады . Ұлы Отан соғысында алған көптеген медальдары бар.