Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің кеңесшісі Айжани Нұрланова және Ақтөбе облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Бисенгалиева "Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында Әлия ауылының тұрғындарымен кездесіп, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кеңес Одағының Батыры Əлия Молдағұлованың балалық шағынан бастап майдандағы ерлік жолдарымен танысты.