Қазанның 9 күні «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында «Терроризм және діни экстремизм» мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті . Дөңгелекүстелдің мақсаты мекеме қызметкерлеріне анти террористтік қимылдар жайында түсінік беру. Терроризм оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулысына жүгіне отырып мекеме қызметкерлерінің міндеттері түсіндірілді. Дөңгелек үстел кезінде жарылғыш құралының (бомба ) макеті жасалып қызметкерлер қауіп төңдіргіш құралмен жақын танысуларына мүмкіндік жасалды . Дөңгелек үстел қызметкерлердің ат салысып өз ұсыныстарын білдіруімен аяқталды.