«Бақытты отбасы»

Отбасы құндылықтарын насихаттау, жас ұрпаққа үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие беру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында «Бақытты отбасы » атты ұрпақтар сабақтастығын ұлықтаған тағылымды іс-шара өтті.

Орталық ұжымы отасқандарына 50 жыл толған, елге сыйлы отбасылардың бірі Жангелді Әмірұлы мен Түнсұлу Есжанованы Алтын той мерекелерімен салтанатты түрде «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Бағдаш Абдижамиқызы той иелеріне Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті.

Отбасылық өмірдің бес онжылдығын артқа тастаған Жангелді ағай мен Түнсұлу апайдың сол күнгі қуанышты сәтіне ұл-қыздары, немерелері, ағайын-туыс, достары мен құдалары куә болды.

Сондай-ақ, Жангелді ағай мен Түнсұлу апайға өздерінің ізгі тілегін мерекеге қатысқан балалары мен дос-жарандары да арнады. Өз тарапынан ордалы шаңырақтың отағасы Жангелді ағай қуанышын бөлісіп келген барлық қонақтарға алғысын білдіріп, батасын берді.

Отбасының береке-бірлігін, тату-тәтті өмірін, қалыптасқан дәстүрлерін сезінуге мүмкіндік берген бұл мереке алтын той иелерінің орындауындағы махаббат вальсіне ұласты.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронды мекен жай:
aktobe_kultura@mail.ru
Мекен жай:
030000, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ с.о., Әлия с., Байсеитова, 40 А
© 2020 - «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы
Designed by TORUS.KZ