2019 жылдың 6 тамыз күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи патриоттық жерлермен танысу мақсатында Орал қаласынан Нурулин Т. ағамыз отбасымен батырлар мекені Қобда ауданы «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығына келіп, батырдың балалық шағынан бастап ерлік жолдарыменымен танысты.
Ерлік пен елдіктің, абырой мен намыстың, ар мен жанның қалауы таразы басына түскен зұлмат шақта бойларында қазақ ару-аналарының тектілігі мен қайсарлығы бар Шығыстың батыр қыздары Әлия, Мәншүк, Хиуаз әлемде теңдесі жоқ қаһармандықтың үлгісін танытып, есімдері алтын әріптерге айналып, ел жадында қалды. Отанды сүю- адамның басты борышы екенін жас ұрпақ санасына осы Батырлардың есімін қадірлеу арқылы сіңіреміз –деді Нурулин Т.