«Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» атты дөңгелек үстел

"Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығынада  «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға    ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Досанов Ғалымбек Нұрмыханұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Серіктестік департаментінің директоры Расул Махмудұлы қатынасты. Шара кезінде  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау жөнінде, заңдағы өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстары айтылды.  Шара  соңында  орталықтың  директоры Бағдаш Әбдіжәмиқызы қонақтарға орталықтың жұмысы туралы таныстырып, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың балалық шағынан бастап майдандағы ерлік  жолдарына дейін нақты деректер, мол мағлұматтар келтіре отырып баяндап берді.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронды мекен жай:
aktobe_kultura@mail.ru
Мекен жай:
030000, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ с.о., Әлия с., Байсеитова, 40 А
© 2020 - «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы
Designed by TORUS.KZ