«Қазақстандағы экология, антиядролық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері» атты форум

24 ақпан күні Қобда ауданы «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында, ақпан айының 25 жұлдызында Ақтөбе қаласында өтетін «Қазақстандағы экология, антиядролық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері» атты форум қонақтары болды. Қонақтарды Қобда ауданының әкімі Кулов Болат Ахметұлы өзі бас болып қарсы алды.

Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Орал, Түркістан облыстарынан  және Ресейдің Алтай өлкесінен келген қонақтар Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлік жолдарымен, батыр атындағы орталық жұмыстарымен танысты.

1970-1972 жылдары Семей ядролық сынақ полигонына тікелей қатысушы бұрынғы жауынгер Төлепбергенов Асхат Ақжанұлы және Алматы облысы бойынша «Невада-Семей» халықаралық антиядорлық қозғалысы филиалының директоры Нурпеисова Гульдана Хасенқызы өздерінің жасап жатқан жұмыстары туралы бөлісті және Әлиядай батыр дүниеге келген Қобда ауданының мақтанарлықтай тіршілігіне риза болды. Сондай-ақ құрметті қонақтар кітабына қолтаңбаларын қалдырды.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронды мекен жай:
aktobe_kultura@mail.ru
Мекен жай:
030000, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ с.о., Әлия с., Байсеитова, 40 А
© 2020 - «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы
Designed by TORUS.KZ