8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Бағдаш Әбдижамиқызы мекеме атынан Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туысы Әліп Сарқұлованы мерекесімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Осындай айтулы мерекеде қуаныштарымен бөлісіп, құттықтап жатқандарына алғыс білдіріп, батасын беріп, ризашылығын білдірді.