«Жас ұлан -2019» әскери патриоттық байқау өтті

14 маусым күні Қазақтың атын әлемге әйгілі еткен Әлия Молдағұлованың ерлігін дәріптеу, патриотизмнің қайнар бұлағы екені рас. Маусымның 15-і күні Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың туған күніне орай өткен мерекелік шараға ауданға жұмыс сапарымен арнайы келген облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.

Биыл Әлияның туғанына 94 жыл толып отыр. Шығыстың шынарын ұлықтаған шараға Қобда аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет, «Қос шынар» қоғамдық қорының төрағасы, Әлиятанушы Ғалымжан Байдербес, Әлияның сіңілері Әліп, Тәжен Сарқұловалар мен нағашы інісі Сапар Молдағұлов, Қобда,Бұлақ, Әлия тұрғындары да қатысты.

Әлия Молдағұлованың туған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шаралар батырдың кіндік қаны тамған Бұлақ ауылынан бастау алды. Жыл сайын батыр жерлестерінің туған күн қарсаңында қонақ қарсы алатын ауыл тұрғындары әдетте Әлияның ескерткіші жанында жиналады. Гүлмен көмкерілген ескерткіш биыл да алыстан көзді баурайды. Осы жолы да Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалын бастаған қонақтар батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның рухына тағзым етті. Батыр Әлияның жанқиярлық ерлігі кейінгі ұрпақ үшін өшпес өнеге. Батырдың туған күніне орай шаралар «Әлия- ерлік дастаны» деген атпен Әлия ауылында өз жалғасын тапты. Мұнда да Әлия ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Сондай –ақ «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталықта «Жас ұлан – 2019» әскери патриоттық байқауы болды. Әскери байқауда аудандардан келген жас сарбаздар Калашников автоматын бұзып, қайта жинаудан сайысқа түсті. Нысананы көздеп, атудан мықтыны анықтады. Бірнеше ауданның жас сарбаздары пинтбол ойынын өткізіп, әскери дайындықтарын көрсетті. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Әлия ауылының тұрғындарымен де жарқын әңгімелесті. Өмірі мен ерлігі мәңгі өшпейтін дастанға айналған батырдың есімі кейінгі ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтінін айтты. Батырдың жерлестерін Әлияның алдағы 95 жылдық тойын лайықты атап өтуге шақырды.

Әлияның өмірі мен ерлігін зерттеп жүргеніме 44 жыл болды. Әлия ерлігі арқылы туған жерге деген сүйіспеншіліктің үлкен өлшемін көрсетті. 19-ға толмай қыршын кеткен Әлия тарихта қазақ халқының рухы болып қалды. Әлия туралы айтылатын ерлік дастаны ешқашан үзілмейді. Әлияның кіндік қаны тамған ауылда туған сіздер бақыттысыздар. Әлияның жерлестері деген атқа кір келтірмеңіздер,- деп лебізін білдірген «Қос шынар» қорының төрағасы Ғалымжан Байдербес батыр туралы арнауын оқып, жиналғандарды тебірентті. Аймақ басшысы «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында өткен «Жас ұлан – 2019» әскери патриоттық байқауының қорытындысы шығарылған шараға қатысып, жеңімпаздарды құттықтап, дипломдар мен сыйлықтар табыс етті. Ауыл жастары аймақ басшысына алғыс білдіріп, Әлиялықтар атынан батырдың портретін сыйға тарты.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронды мекен жай:
aktobe_kultura@mail.ru
Мекен жай:
030000, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ с.о., Әлия с., Байсеитова, 40 А
© 2020 - «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы
Designed by TORUS.KZ