ҚАЛАЛЫҚ ЖАС ТУРИСТЕР СТАНСАСЫНЫҢ ұйымдастырумен Ақтөбе қаласынан /33, /45, /30, /18, /75 мектеп оқушыларын тарихи орындармен таныстыру мақсатында батырдың еліндегі "Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығына келіп, орталықпен танысып, батырдың ерлігімен таныстырылды.
Экскурсия әрмен қарай батырдың туған жерінде ашылған Әлия Молдағұлованың музей үйіне барып, музейімен танысып,туған жеріндегі саябақты аралап, батырдың кіндік қаны тамған Бұлақ ауылымен танысты. Әлия Молдағұлованың ерлігі санамызда мәңгілік сақталуға тиіс екендігін, оны ешқашан ұмытуға болмайтынын айтып, келген қонақтар өз ризашылықтарын білдірді.