Ақтөбе қаласынан Облыстық білім басқармасы жанынан құрылған Ардагерлер кеңесінің құрамы батырлар мекені Қобда ауданы Әлия ауылына экскурсияға келді. «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығымен танысып, Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігі бейнеленген үлкен музейдегі көріністі тамашалады. Бұрын батыр өмірі мен ерлігін мақтаныш етіп келген, бірақ ешқашан туған жерінде болмаған ардагерлер қуаныштарында шек жоқ екенін айтып жеткізді.