Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына – 100 жыл толуына орай "Үзілген моншақ" атты бір айлық іс-шараның жабылуы өтті.
Іс-шараға Қобда ауданы «БЕЛСЕНДІ ӨМІР» орталығының мүшелері қатысты.Шара барысында «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Б.Тупенова 21 қазан күні Орал қаласында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қаһарман қызы қазақтың» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатынасқаны жөнінде және М.Мәметованың өмірі мен ерлік жолдары туралы әңгімелеп берді. Шара кезінде қазақтың батыры, қайсар қызы Мәншүк Мәметованың майдан даласындағы өмірінен үзінді көрсетілді. Мәншүк Мәметоваға арналған көрмемен таныстырылды.