3-4 наурыз күндері Қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлова Нұрмұхамбетқызына Кеңес Одағының Батыры атағы берілгеніне 80 жыл толуына орай «Батыр қызы қазақтың» атты облыстық қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өткізілді.
Жарысқа Ақтөбе облысынан 8 команда қатынасты. 280 ге жуық жас палуандар сайысқа түсті. Жас палуандар өз салмақтары бойынша жеңіс тұғырынан көрінді.
Жасөспірімдер арасында белсене қатынасқан командаларға «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының атынан алғыс хаттармен, Әлия Молдағұлованың бейнесі бейнеленген статуетка табысталып марапатталды.