«Сақталушы еді сыбаға...»

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз 2024 мерекесі аясында Шаңырақ күніне орай Қобда аудандық белсенді ұзақ өмір орталығы мүшелерінің қатысумен қазақтың ұлттық тағамдарын сақтау және насихаттау арқылы ұлттық дәстүрлерімізді қайта жаңғырту мақсатында «Сақталушы еді сыбаға...» атты шара өткізілді.

Шарада үлпершек, жаужүрек, бұжы, қарын май, өкпесүт, әсіп сынды ұмыт болып бара жатқан ұлттық тағамдардың дайындалу әдіс- тәсілдерін таныстырды.

Барлық қатысушыларға «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының атынан Алғыс хатпен сыйлықтар табысталды. Бұл шара ұлттық құндылғымызды жалғастыратын тәрбиелік мәні бар шара болды деп толық айтуға болады.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронды мекен жай:
aktobe_kultura@mail.ru
Мекен жай:
030000, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ с.о., Әлия с., Байсеитова, 40 А
© 2020 - «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы
Designed by TORUS.KZ