Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай «Жаса, Наурыз - мейрамы» атты мерекелік шара өткізілді.
Салт-дәстүрлер жайында «Киіз басу» көрінісінің бірнеше кезеңдерден тұратын үлгілері, жүнді түту, ұршық иіру дәстүрлері көрсетіліп, қазақтың ескі дәстүрі бойынша жас жігіт алғаш рет жолаушы жүргенде берілетін жолаяқ – кәде «Тоқымқағар», қанжығасы қандалып келе жатқан аңшыдан кездескенде сұралатын жоралғы «Сыралғы», туралы мән мағынаға толы өзіндік дәстүрлі көріністер көрсетілді.
Шара әрмен қарай мерекелік концертпен жалғасты.
Шара соңында мерекенің ұлы дәмі - Наурыз көже таратылды.
#Наурызқұттыболсын