Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Ашаршылық зардаптары» атты еске алу шарасы өткізілді.
Іс-шарада жазықсыз құрбан болған азаматтардың есімдерін ұмытпай, мәңгі есте сақтап, жас ұрпақтың санасына бабалар аңсаған тәуелсіздікті, бейбіт өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында, қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбандары болған қазақ халқының зиялылары туралы мәліметтер айтылды.