«Әкем айтқан асыл сөз»

Әкелер күніне орай «Әкем айтқан асыл сөз» атты әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт – дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру мақсатында тәрбиелік шара өткізілді.

Шараға ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мырзагұлов Амантай ағай, Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп оқушылары қатынасты. Орталық директоры Б.Тупенова - баланың өсіп- жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше екендігін атап өтті. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А. Мырзагұлов оқушыларға үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәні түсіндірді.

Шарада әке туралы әндер шырқалды.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронды мекен жай:
aktobe_kultura@mail.ru
Мекен жай:
030000, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ с.о., Әлия с., Байсеитова, 40 А
© 2020 - «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы
Designed by TORUS.KZ