Алиев Александр Мамедович (1922-1984) Алиев Александр, ұлты лезгин, Сталинград облысында туған. Ата-анасымен бірге бала кезінде Ақтөбеге көшіп келеді. 1943 жылы Ақтөбенің қалалық әскери комиссариаты жас жігітті әскер қатарына шақырды. 1944 жылың 20 маусымында Карель майданының жауынгерлері Онеж және Ладож көлдері арасындағы Свирь өзеніне жетті. 21 маусымда танертең олар фин әскерлеріне қарсы кең көлемде шабуыл бастады. Біздің жерлесіміз қатардағы гвардияшы жауынгер А. Алиев қызмет атқарған полк Свирь өзенінің жағалауындағы Лодейное Поле жанындағы позицияға орнықты. Гвардияшыларға ені 400 метр, тереңдігі 4-7 метр су шебінен өтуге тура келді.
Лодейное Поле ауданындағы Свирь өзенінен ойдағыдай өтуді гвардия қызыл әскер А.Алиев пен оның жауынгер достарының ерлігі қамтамасыз етті. Бұл жөнінде хабар бүкіл майданға тез тарап, жауынгерлерді жексұрын жауды бұдан да қаттырақ соққылап, туған жерден тезірек қууға қанаттандыра түсті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 21 шілдедегі Жарлығы бойынша 98-гвардияшы атқыштар дивизиясының 296-гвардияшы атқыштар полкының гвардия жауынгері А.М.Алиевке Свирь өзенінен өткен кезде көрсеткен ерлігі мен тапқырлығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.