Шаралар

"Қазақтың салт-дәстүрлері" атты тәрбиелік шара өтті

Қазақ халқының салт-дәстүрі, халық арасында кеңінен қолданылатын, ұмыт қалып бара жатқан дәстүрлер туралы түсінікті қалыптастыру мақсатында "Қазақтың салт-дәстүрлері" атты тәрбиелік шара өтті. Ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты  сұрақтар қойылып, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерімен  таныстырылды.

«Ұлттық ойын - халық мұрасы» атты шара өткізілді

«16 наурыз –Жайлау күніне» орай «Ұлттық ойын - халық мұрасы» атты шара өткізілді. Шарада ертеден келе жатқан қазақ халқының дәстүрлі ойындарының бірі Асық ойыны екенін, асық ойнының ерекшелігіне, түрлеріне жолу жасалап терең түсіндірілді.
​ Шара соңында «Ханталапай» ойыны ойнатылды.

«Ә­жемнің ертегілері» атты қазақ ертегіле­рін насихаттау шарасы

Жыл басы Наурыз мейр­амының тұжырымдамасы­на сәйкес, «Әлия» па­триоттық тәрбие беру облыстық орталығы 14 — 23 наурыз аралы­ғында бірқатар іс-ша­ралар жоспарлануда. Биылғы жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Бала жылы» деп жа­риялады. Осыған орай 14 наурыз — Көрісу күніне орай «Балдырған» бөбекжай бақшасының ұжымымен бірлесе отырып «Ә­жемнің ертегілері» атты қазақ ертегіле­рін насихаттау шарасы өтті. Орталықтың директоры Бағдаш Абди­жамиқызы көктемнің жылы шуағын алып кел­етін осынау ерекше күнмен құттықтады. Шарада "Ұр тоқпақ" ерте­гісі айтылды. Шара әрмен қарай ханталап­ай ойнымен жалғасты.

Құттықтаймыз!

5 наурыз күні Қобда аудан әкімі Кулов Болат Ахметұлы 8-наурыз мерекесімен қыз-келіншектерді  құттықтады. Шараға "Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының қызметкерлері Гильманова Гүлзада Тулепбергенқызы қатынасып марапатталды.

Әлия Молдағұлованың туысы Әліп Сарқұлованы  мерекесімен  құттықтады

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Бағдаш Әбдижамиқызы мекеме атынан Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туысы Әліп Сарқұлованы мерекесімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Осындай айтулы мерекеде қуаныштарымен бөлісіп, құттықтап жатқандарына алғыс білдіріп, батасын беріп,  ризашылығын білдірді.

«Әйел –әлемнің шуағы»

«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел –әлемнің шуағы» атты кәсіпкер, тігінші Сұлтангереева Алтынгүл Рышбайқызымен онлайн сұхбат жүргізілді.

«Ақ бата - асыл-мұра» атты танымдық шарасы

Ризашылық күні - балалар мен ересектердің жадында маңызды, жылы жарасымды, ерекше күн ретінде есте қалатын мереке. Осыған орай 1-наурыз Алғыс айту күніне арналған «Ақ бата - асыл-мұра» атты танымдық шарасы өткізілді. Шараға қатысқан аталар ұлтымыздың әдет-ғұрыптарының маңызын түсіндіріп, оқушыларға қазақтың бата қайыру ғұрпы туралы айтып өтіп, бірнеше батаның түрлерінің маңыздығына тоқталып, оқушыларға баталарын берді. Бата берген үлкендерге орталықтың директоры Бағдаш Абдижамиқызы Алғыс білдірді. Оқушылар жылы сөздер, жақсы тілектер айтып ән шырқап, би биледі. Шара соңында ер балалар қол күресіп бақ сынасты.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдығына арналған "Өмірі өнегелі өр тұлға" атты танымдық шара өткізілді

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдығына арналған "Өмірі өнегелі өр тұлға" атты танымдық шара өткізілді. Шарада оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. Қонаев туралы кеңінен мәлімет беріліп, кемеңгер тұлғаның қоғамға сіңірген еңбегіне шолу жасалып, "Ұлы тұлға" атты деректі фильм көрсетілді.

«Қазақстандағы экология, антиядролық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері» атты форум

24 ақпан күні Қобда ауданы «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында, ақпан айының 25 жұлдызында Ақтөбе қаласында өтетін «Қазақстандағы экология, антиядролық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері» атты форум қонақтары болды. Қонақтарды Қобда ауданының әкімі Кулов Болат Ахметұлы өзі бас болып қарсы алды.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ