Шаралар

"Қызы батыр ел - ұлы ел" атты онлайн сұхбат

27.01.2022 жылы жергілікті уақытпен 15:00 "Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының ұйымдастырумен Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлованың құрметіне Мәншүк Мәметова мен Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына арналған "Қызы батыр ел - ұлы ел" атты ZOMM платформасында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі, БҚО тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Мәншүк Мәметова мемориалдық музейімен онлайн сұхбат жүргізілді.

«Тарихтағы қаһарман тұлға» онлайн сұхбат

Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, жауынгер-жазушы, тіл жанашыры Бауыржан Момышұлының туғанына 111 жыл толуына арналған «Тарихтағы қаһарман тұлға» атты Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы мемориалдық  музейімен онлайн сұхбат жүргізілді. Шарамызға Ақтөбе қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы № 62 жалпы білім  беретін орта мектебі, Ақтөбе қаласы №45 жалпы білім  беретін  орта мектебі, Қобда ауданы Исатай  Тайманұлы атындағы  гимназия,  Ойыл ауданы Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебі, Алға ауданы, Үшқұдық орта мектебінің  ұстаздары мен оқушылары қатынасты. Іс-шараны «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Бағдаш Абдижамиқызы сөз алып іс-шараны ашып берді.

«Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік» тақырыбында мәдени іс-шара

"Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік» тақырыбында мәдени іс-шара өтті. Мәдени іс-шараға  мекеме қызметкерлері, құрметті ардагерлер, белсенді жастар қатынасты. Аталмыш шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Тәуелсіздік күніне арналған мәдени шараның алғы сөзін Бұлақ ауылдық округінің әкімі Армат Қонысұлы кіріспе сөзбен ашып, еліміздің басты мерекесі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен арнайы құттықтады. Одан кейін сөз алған  ардагерлер  құндылығымыз тәуелсіздік туралы айта келіп, жастарды рухы биік,өз елінің патриоты болуға шақырды.

"Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан!"

"Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан!"- атты танымдық ​ шара өтті. Мақсаты- еліміздің Тәуелсіздігі мерекесінің ел тарихындағы​ ​ маңыздылығына шолу жасау, оқушыларға балаларымыздың ​ тәуелсіздік жолындағы ерлігін​ паш ету,​ ​ Отанын сүюге, патриоттық сезімдерін қалыптастыруға баулу.​Шарада ​ тәуелсіздікке қалай қол жеткеніміз жайлы мағлұматтар беріліп «Желтоқсан желі» атты ​ бейнебаян көрсетілді.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ